ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ!
2021 ж. 04 қаңтар
3373
0
Алдағы сайлаудан кейін, жергілікті жерлердегі мәслихаттарға барған барлық партиялардың депутаттары сол жердегі халықтың жағдайларын жақсартуға жарыса жұмыс жасайтындарына сенемін. Осыдан барып, жергілікті жерлердегі атқарушы билік өздерінің үйреншікті жұмыс тәсілі мен әдеттерін ауыстыруға тура келеді. Барлық әкімшіліктердегі ішкі саясат бөлімдерінің жұмыстары сол жердегі саяси партиялармен жанама қатар жүреді деп ойлаймын.
Мәжіліс пен мәслихаттарға барған ақжолдықтар еліміздің экономикалық және саяси дамуына жаңа серпін беретіні анық. Әрине, еліміздің өкілді органдарына бара салып, ақжолдықтар атқарушы биліктің басқарудағы орныққан ескі дәстүрлерін жойып, жаңа тәртіпті орната салмайды, олай болу да мүмкін емес. Елімізге түбегейлі өзгерістерді жасау үшін партиямызға прогессивті қауымы мен халықтың қолдауы керек.
Осы жерде, барлықтарыңызды жаһан тарихына көз жүгіртуге шақырамын. Орта ғасырлық Еуропада буржуазиялық қатынастар пайда болғанымен, тек 18 ғасырдың екінші жартысында ғана капитализмның даму үдерісі жағдайында терең әлеуметтік өзгерістер бола бастады. Осы кездері буржуазия ең күшті, ең бай және экономикалық жағынан қуатты тапқа айналды. Алайда, қанша қуатты болғанымен оның саяси құқығы болмады. Мемлекеттің саясаты оның мүддесіне сай келмеді. Буржуазия өз мүддесіне сай келетін жаңа қоғам орнатуға ұмтылды.
Осы тұста, буржуазиялық тапқа көмекке ағартушы ғалымдардың, ағартушылық идеялары келді. Ағартушылық теориялар қоғамдық санада түбегейлі төңкеріс жасады. Америка, ағылшын және француз революцияларының ағартушылық идеялары, ең алдымен, адамдардың табиғи теңдігі мен қоғамдық келісім теорияларының негізінде өтті.
Ағартушылар, мемлекеттік құрылысты құлатуға тікелей шақырмағанымен, қоғамды қайта құру үшін халықтың еркі мен білімінің жетіп жатқандығын санасына қондырып, сендіре білді, бойларына сенім қондырды. Нәтижесінде, Еуропа мен Солтүстік Америка қоғамының ортағасырлық өмір салтынан толық ажырата алды. Жаңа заманның игіліктерін жасауына және дамуына зор ықпал етті.
Жоғарыда көрсеткендей, XVIII ғасырдағы Еуропадағы ағартушылық кезеңдегідей бүгін мемлекетімізге, осы жолғы сайлаумен «ағартушылық кезең» келеді деп сенейік. Жаһан халқы басынан өткерген тарихи деректерге сүйене отырып айтқым келетіні, алда біздің елемізді жақсы және жаңа кезеңдер күтіп тұр, халықты жақсыға жетелейтін «Ақ жол» партиясы қатарынан шыққан саясаткерлер болады деп сенемін.
ХІХ мен ХХ ғасыр тоғысындағы зиялылардың ел тарихында алатын орны ерекше. Алаш қайраткерлері өзінің елін дамыған, өркениетті мемлекет кейпінде көруді мақсат етіп, ұлттық сана-сезімді мемлекеттік деңгейге көтеруге тырысып бақты. Сол кездегі зиялыларымыз: «қазақ халқы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп және оны сақтап қалу үшін, азаматтарымыздың жаппай сауатты болу керек!» -деді. Қара халықтың ішіндегі сауатсыздықты жою үшін олар өмірінің соңғы күніне дейін аянбай жұмыс жасады. Сондықтан, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлт зиялыларын қазақ даласына «ағартушылық кезеңді» алғашқы алып келген ағартушыларымыз -деп айтуға болады. Еліміздің мұрағаттарында сақталған, сол замандарда басылып шыққан газеттерді оқитын болсақ, адам еркіндігі мен қоғам үшін теңділіктің қажетілігін бүге-шігесін қалдырмай қалын халыққа түсіндіріп жазған мақалаларынан көп көреміз.
Демократиялық-құқықтық елдерде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару, атқару және сот қызметіне бөлу принциптері болады. Елімізде, соңғы он жылдар ішінде биліктің мұндай принциптер мейлінше бұрмаланған. Облыс, қала, аудандар мен ауыл әкімдері билік партиясының филиалдарын басқарады. Осыған орай, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев өзінің бір мәлімдемесінде: «Аймақтың басшысы шенеуніктердің тар мүддесіне емес, барлық азаматтарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан, әкімдерге билік партиясының филиалдарын басқаруға тыйым салған жөн» -деген еді.
Барлық қалаларда, жергілікті жердің халқы танитын қоғам белсенділері болады. Мысалы, Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында партиямызбен қоян-қолтық жұмыс жасайтын қоғамдық белсінділер аз емес. Белсенділердің айтуынша «мәслихаттарда түрлі партия өкілдері болса елімізде саяси бәсекелестік пен плюрализм болар еді» дейді. Олар, осы сайлауда Ақ жол» партиясынан шыққан кандидаттарды қолдаймыз деп отыр.
Бүгін бізге сырттан біреулер келіп біз үшін демократияны елімізге орнатып бермейді. Себебі, олар біздің діл-дәстүрлерімізді, қасиеттерімізді білмейді. Тек өзінің елі үшін, бір-бірімен жарыса жұмыс жасайтын партиялардан шыққан саясаткерлер ғана елімізге жаңа өзгерістер алып келе алады.
Ақжол партиясы әу бастан халыққа өзін конструктивті партия ретінде көрсетті. Мұндай ұстанымнан партиямыз ұтпаса, ұтылған жоқ. Соңғы он жылдар көрсеткендей, партиямыз саяси радикализмнен өзін аулақ ұстап, еліміздің барлық деңгейдегі саяси, мәдени тағы басқа мемлекеттік іс-шараларына қатысып келеді.
Сайлау науқаны басталғалы, өңірдегі бір қатар өңдірістегі ұжымдармен кездестік. Кездесулерге барғанымызда: Біздің алдымызға жергілікті мәслихаттарға баратын кандидаттар келіп партияның бағдарламасымен таныстырсын! –деп, жұмысшылар бізге шарт қойып отырды. Бұл жерде халықтың, жергілікті жерлерде көп партиялы мәслихаттардың болғаның қалайтының көреміз.
Жаңа, 2021 жыл еліміз үшін маңызды науқанмен басталмақ. Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауы болады. Бұл сайлауға баршамыз да жауаптымыз. Барлықтарыңызды өздеріңіздің сайлау учаскесілеріңізге барып «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырамын!
Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!
Жанат АСАНҚАЛИ,
Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат
"Ақ жол" партиясының сайлау қоры қаражатынан төленді