Неліктен кейбір елдер бай, басқалары кедей?
2020 ж. 30 қыркүйек
2458
0
"Неліктен кейбір елдер бай, басқалары кедей. Билік, гүлдену мен құлдыраудың бастауы". Дарон Аджемоглу, Джеймс А. Робинсон.
Ең басты идея және сұрақ — кітаптың атауында берілген. Және ол сұрақтарды кез-келген мемлекетке қатысты және түрлендіріп қоя беруге болады.
Кез-келген дертке диагноз қою үшін дәрігер (науқас есін жоғалтпаған болса) сұрақ қояды: Не болды, не жағдай, не мазалайды және с.с. т.б. Сосын диагнозын қойып, назначение жасайды. Мынаны іш, мынаны ал, мынаны кес, мынаны қой, мынаны ұмыт деген сияқты.
Тура солай истеблишмент мемлекетке қатысты шынайы сұрақтарды қойып, оған қатысты шынайы жауаптарды жинау керек те, мәселелерді шетінен кешенді шешу керек. Және бұл үздіксіз процесс болуы тиіс.
Кім айналысса да, ең басты шарт — сұрақтар ашық қойылып, шынайы жауаптар алынуы керек. Ал дәл қазіргі қалыптасқан жағдайда сұрақтар ашық қойылғанымен жауаптар шынайы берілмейді. Себебі жауаптарды атқарушы билік дайындайды.
Сұрақ дұрыс қойылса да, жауап дұрыс берілмеген соң "диагноз" да дұрыс қойылмайды, "назначение" де дұрыс берілмейді, сосын "ем-шара" да дұрыс болмайды. Дерт "емделмей" қала береді де басқа органдарға шабады.
Не істемек керек?!
Істейтін дүние көп!
Осыдан бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы «Осы күні қазаққа керек нәрсенің көбі әркімге-ақ мағлұм. Қазаққа не керек екенін білмегеннен істей алмай тұрған адам жоқ. Қазақ керегі айтылып жатыр һәм айтылар да. Жұртқа керегін білетіндер көп, істейтіндер аз. Білушілеріміз білгенімен қоймай, істеуге кіріссе екен. Білушілеріміз істеуші болса, оларды көріп, өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе, ерушілер де көбейер еді. Біреу жұмыс қылайын десем, тұрған жерім жаман дейді, біреу маңайымдағы елім жаман дейді. Бұлардың бәрі де бос сөз. Абақтыдан жайсыз орын жоқ, онда да отырып жұмыс істеуге болады», — деген екен.
Бұл кітап саясаттанушы, экономистер үшін дәл қазір жаңалық емес. Өйткені ағылшын тілінде 2012 жылы, орыс тілінде 2014 жылы шыққан.
Қазақстандағы соңғы саяси оқиғалар, науқандарға байланысты Үкімет мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, праймеризге қатысушылар, жалпы мемлекеттік құрылымдарда істейтін, халыққа қызмет ететін кез келген азамат оқуы тиіс кітап деп ойлаймын.
Праймеризге қатысып жатқан немесе осы оқыса екен деген таныстарыңызды белгілеп кетсеңіз болады. Білгенді бөліскенге не жетсін.
Жомарт Айтқазы,
Фейсбук парақшасынан