Бес жылда орысы көп Өскемен қазақы Алтайға айналады - Жомарт Айтқазы
2020 ж. 07 қыркүйек
5330
0
2010 жылдан бергі статистикаға назар аударыңызшы, арыға бармай-ақ қояйық, 2015 жылдан бері 3 жылда Өскемендегі қазақтардың саны 129 290-ден 146 635-ке өссе, орыстар 187 591-ден 182 672-ге дейін кеміпті. Тура осы тенденция сақталса айналдырған 5-6 жылдың ішінде қазіргі Өскемен орысы көп Өскемен емес, қазақы Алтайға айналып шыға келеді.
Сондықтан Шығыстағы "Рухани жаңғыру" ерте де емес, кеш те емес, уақытылы жүргізіліп жатыр.
Жерлес, мүдделес, ағайын-досқа сәттілік тілеймін.
P.S. болжам Excelдікі. Өмірдің шындығы техниканың алгоритмінен ертерек орын алуы мүмкін және соған тілекшіміз.
Орыстың қазіргі саны мен келтірген болжам бойынша 2022 жылы, ал қазақтардың саны 2021 жылы болуы тиіс болған. Осыған қарап, Өскемен алдағы 3 жылда қазағы басым қалаға айналады деп нық сеніммен айта аламыз. Құтты болсын!
Жомарт Айтқазы,
Фейсбук парақшасынан