Жәннат Мырза. ҚАЗАҚТЫҚТАН ҚАШУ
2020 ж. 24 маусым
2343
0
"Мега" дүкеншілерімен қазақша сөйлессең, "басқа ұлтпын" деп жалтарады
Мүйізі қарағайдай "Мега" сауда-ойын-сауық орталығындағы дүкендердің дүкеншілерінің көбісі түрлері қазақ болсада, қазақша сөйлесең мен қазақ емеспін, басқа ұлтпын деп жалтарады. Бір дүкенші айтса мейлі ғой қырғыз шығар деп қоя саласың. Кеше мен кірген 5,6 дүкендердің дүкеншілерінен осындай жауап алдым. Ол мүмкін емес. Қазақтан басқа ұлтты ажырата алмайтындай жағдайға жеткен жоқпыз қазірше құдайға шүкір. Ал осыған не деуге болады? Нағыз сорақы сатқындыққа шынайы көзің жеткенде мақау болады екенсің. Біз қалай ел боламыз? Тәрбие тал бесіктен деген, ұрпағымызды үйде дұрыстап қазақша тәрбиелейік. Қазақ деген ел жер бетінде қалу керек, өмір сүру керек деп санасақ, мына масқаралықты қалай жоямыз? Жастарымызды мәңгүрттіктен арашалайық. Ата Заңымызда мемлекеттік тіл қазақ тілі болғаннан кейін, жүргізіп отырған идеологиямыз, саясатымыз, тәрбиеміз бәрі сай келу керек деп санаймын. Үгіт, насихат дұрыс жүргізілмейді, сондықтан осындай өрескел қателіктерге бой алдырып жатырмыз. Қалай, не істеуге болады?
Жәннат МЫРЗА,
Фейсбук парақшасы