Мемлекет қазақ тілінде мультфильмдерді көптеп түсіру керек - Зүбәйра Әкім
2020 ж. 27 мамыр
1400
0
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесi мүшелерінiң назарына!
Осының алдында жазған мақаланың шындығына, кеше тағы куә болдым. Киім дүкеніне барсам, сатушы үш жастардағы немересін ертіп жүрген жетпістер шамасындағы ата -ападан "Немереңiз қазақ тілінде сөйлей ме ?" деп сұрап жатыр екен. Ана кiciлер "Үйде бәріміз қазақша сөйлеймiз. Бірақ, немерелерімiз орысша сөйлейді. Білмейміз ғой " дейді. "Iздегенге сұраған" деген, сөзге мен араластым. Себебі, балаларыңыз теледидардан, ютубтан тек орысша мультфильмдер көрген. Содан, орыс тілі санада жатталып үйренген. Сол себепті, олар қазақ тілінде сөйлей алмайды дедім. Немересі орысша тықылдап тұрды. Бұл бүкіл қазақ отбасының қасіретi. Дабыл қагайық, достар! Орыс тіліндегі мультфильмлердi қазақ ақпарат кеңicтiгiнен мүлде көрсетпесiн! Үкіметтен осыны талап етейiк. Қазақ мультфильмін мемлекет өзі түсіріп ютубта көп таратсын. Балалардың ойлау қабілетін арттыратын сабақтар қазақ тілінде көрсетiлсiн. Қазақ еліне, кеңiстiгiне Гипер кимылды, әуенi қазақы, сүйкімді мультфильмдер түсіруiн талап етеміз.
Зүбәйра Әкім,
Фейсбук парақшасынан