Жұлдызай Форт: Шовинизмге қарсы күрес алгоритмі
2020 ж. 27 наурыз
3016
0
Әдетте шовинисттер бастайтын қақтығыстар кезінде, қазақтар өз-өзін қорғамайды, үндемейді немесе ақтала бастайды. Бірақ мынаны ескерейік: шовинисттердің ой-пікірлері қазақтардан басқаша қалыптасқан, мысалы, қазақтар жанжалдың барынша алдын алуға тырысады, олар тек бұрышқа тығылған кезде ғана қарсы шабуыл жасайды. Ал шовинисттер үшін жанжал, ұрыс-керіс, айқайлау деген қарым-қатынас нормасы болып кеткен, өмір сүру тәсілі. Қазақтарға жанжал қарым-қатынастың аяқталуы болса, шовинисттерге, керісінше, көбіне олардың бастамасы, өйткені олар күшті ғана сыйлайды. Бірде мен сондай бір отаршылдардың ұрпағының айтқанына таң қалдым, ол: «Мен кейде жанжалды ұнатамын», - деді.
Қазақтар жанжалдан аулақ болғысы келіп, диаспора өкілдеріне орысша сөйлей жөнеледі, осылай үнемі шегініп, олар балалары мен немерелерін жұмыссыз қалдыратынын, сондай-ақ ана тілінің дамып, ілгері басуына кедергі келтіретінін ойламайды.
Ұлттық намысымды қорғау жолында мен де кейде қарсы шабуыл жасауға мәжбүрмін, бірақ бұл қиын, қан қысымым көтеріліп, басым ауырып, шаршаймын. Қазір мен мұндай жағдайларда эмоционалды түрде жанымду салуды азайттым, тіпті кейде шовинисттерге психологиялық қысым көрсету үшін дауысымды әдейі көтерсем де, іштей жағымсыз нәрселерді көңіліме алмауға тырысамын.
Қазір жүйкем тозуы азайды, өйткені салқынқандылық, ұстамдылық тәжірибемен келеді. Бәрібір, өкінішке орай, шовинизмге қарсы күресте белсенді қорғаныс, қарсы шабуыл, суық реңкпен жауап қайтару сияқты тәсілдерге жүгінуге тура келеді, өйткені шовинисттер өздерінің дүниетанымдық көзқарастарына сәйкес сабырлықты, бейбітшілдікті әлсіздік, қорқақтық деп санайды. Сондықтан, өмір бойы жау ортасында өмір сүруге мәжбүр болған орыстанған қазақтар шовинисттерге тән жеке қасиеттерге өз бойларына сіңірді - «қасқырмен бірге өмір сүру, қасқырдай ұлу» және «көзге көз, тіске тіс» қағидаларына сәйкес агрессивтілікке ие болды.
Мен шовинизмге байланысты проблемаларды ешқандай эмоцияларсыз шешкім келеді, бұл келесі жағадайларда ғана мүмкін: қазақ тілінде ақпарат пен қызмет көрсетуден бас тартқан кісіге қомақты штраф салынса, ҚР Конституциясындағы орыс тілі туралы 7-баптың 2-тармағы жойылса және мемлекеттік білім беруді қазақ тіліне толық аударылса. Осындай шарттар орындалса ұлтаралық қақтығыстардың себептері де жойылады.
Сонымен, қазақтар, жалған ұятты қойып, өз құқықтарыңызды талап етуден қорықпаңыздар, біз өз жерімізде өмір сүретінізді ұмытпаған абзал: әділетсіздікке наразы болу ұят емес, өз отаныңда тұрып, келімсектердің ережелеріне бағыну ұят! Бір сөзбен айтқанда, әркіммен өз тілінде сөйлесу қажет.
Шовинизмге қарсы күресте, қазақ тілінде ақпарат пен қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, келесі алгоритмді қолданыңыздар: сабырлы болыңыз – жәбірлеушіге сайма-сай жауап беріңіз – бейнежазба жасап, әлеуметтік желілерде салыңыз (бұған сіздің заңды құқығыңыз бар) - шовинисттің басшылығына және тиісті мемлекеттік органдарға шағым жазыңыз - оларды әлеуметтік желілерде жариялаңыз, жауаптарды күтіңіз және оларды да желіге салыңыз.
Жұлдызай Форт,
Фейсбук парақшасынан