Абай Балажан: Дертті жұқтырғандардың аты-жөндері ашық жазылсын
2020 ж. 20 наурыз
5073
0
Егер коронавируспен күрескіміз келіп жатқаны рас болса, онда бұл дертті жұқтырғандардың аты-жөндері ашық жазылсын! Халық бір дем әрі, бір дем бері жағдайда отырғанда қандай этика жайлы айтып отырмыз?!
Науқас жұқтырған адамдардың аты-жөндерін айту не үшін керек?
Ауру жұқтырған адам кіммен контактіге түскенін 100 пайыз айтпауы мүмкін. Әдейі емес, әрине. Бәрі бірдей есінде қалмауы мүмкін. Ал, аты-жөні жария болса, онымен контактіге түскен адам өзі-ақ дәрігерге жүгіріп бармай ма?! Өзі үшін, жақындары үшін. Ал, оның аты-жөні жарияланбаса, онымен жолығысқан, сөйлескен, амандасқан, шәй ішкен адамдар қайдан біледі? Олар да бейғам жүре береді ғой.
Бейғам демекші, сол бейғамдықтан арыла алмай жатырмыз. Сіздің бейғамдығыңыз, Сіздің "сонда тұрған не бар дейсің?!" деп арқаны кеңге салуыңыз түбінде ұлтыңызға жасаған дұшпандығыңыз болып жүрмесін!Шетелдіктер коронавирус жұқтырған министрлерінің, президенттерінің аты-жөндерін айқайлап айтып отыр, біз "этика сақтап отырмыз".
Бұлай болмайды, меніңше...
Абай Балажан, Фейсбук парақшасынан