Құлбек Ергөбек: Желтоқсандағы қазақ жастарына қарсы үндеуге қол қойғандар ызамызды келтірді
2020 ж. 06 наурыз
9607
0
Кеңес аталатын тонның өзін кеңесіп піше алмаған қоғам бізге не берді? Біздің жанымызға, қанымызға қандай ұрық септі? Осы сұрақты өзіме - өзім көп қоямын. Қоямын да жауап таба алмай қиналамын! Бір тағдырды талдап көпсем...
Бекмұхамед Серкебаев рухани әкем - Бейсекеңмен [ Б.Кенжебайұлы] дос болған кісі. ХХ ғасыр басында Б.Серкебаев "Оян қазақ" атап, кітап жазды.Кітап бастырды. Қалың қазақты ояту амалын жасады. Ізгілік! Осындай ұлтшыл ақынның белбаласы - атақты әнші, Социалистік Еңбек Ері Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде азаттық аңсап шеруге шыққан қазақ жастарына қарсы үндеуге қол қойды. Қозғалысты жүгенсіздік деп тауып, алаңға шыққан шыққан жастарды жазалап, басып жаншып тастауды қолдады.
Көрші тұрар едік. Көрісіп жүрер едік. Бетке ұстап жүрген атақты әншіміздің қылығы ызамызды келтірді. Ой азабын, шер ызасын бастан кештім.
Сонда серке әншіміздің жанында не қазақ рухы, не әке рухы болмағаны-ау?! Тіпті өзі әнін орындап жүрген, Байкалға жер аударылған, сонда жазған "Қасиетті Байкалды" жазған Давыдовтың қайсарлығы дарымаған болды-ау әнші жанына!? Апыр-ай, сонда төбемізге көтеріп жүрген даңқты әншіміз әнді жәй әншейін техникалық тұрғыдан ғана орындайтын жадаужанды адам болды ғой... Көршім үшін күйзелдім.
Бір тағдыр! Сортағдыр! Мәңгүрттік!
Эй, дәруіш дүние!
Құлбек Ергөбек, Фейсбук парақшасынанЕскерту! "Қазақ үні" ақпарат агенттігі автордың пікірін еш өзгеріссіз жариялады. Автордың пікірі редакция көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Біз екінші тараптың да пікірін жариялауға әзір екенімізді хабарлаймыз.