Жасұлан Иса: Бізде идеологиялық жұмыстар толықтай жасалып жатыр деп айта аламыз ба?
2020 ж. 06 ақпан
1712
0
ҚАЗАҚ тілінің жайын ҚАЗАҚ баспасөзіне қарап-ақ байқауға болады деп өткен жазда Қазақтың иісін шығарып тұрған, жалғыз қалған "Алты Алаш" киоскымыздың аянышты күйін жазған болатынбыз.
Бүгінгі күні, мінекей, ескі орталығымыздың Бейбітшілік көшесіндегі, қалалық әкімділіктің іргесінде орналасқан, Целиноград кезінде "Детский мир" деп аталатын сауда орталығында, үйіліп жатқан мына журнал-гәзеттердің ішінен, күрекпен қопарып іздесең де бір де бір қазақ басылымын таба алмайсың. "Неге?"деген сұрағыма, целиноградттық әжеміз, "А зачем макулатуру заводить? Все равно их ни кто не читает..." деп, қорықпай жауап берді. Ал ендеше. Қазіргі атауы "Pucha" болғанымен, іші де сол баяғы Целиноград кезіндегі "мир"-ға келеді. Тек, детский мир емес, руский мир болып кеткенге ұқсайды.
Ал, осыдан кейін, бізде идеологиялық жұмыстар толықтай жасалып жатыр деп айта аламыз ба? Әлде, бұл жұмыстарды да, тек халықтың өзі жүргізуі керек пе?
Жайшылықта "Біз біргеміз!" деп айқайлап тұрып шығатын Тұрсынбектер мен әкімділіктегілер, нақты Тілге байланысты жұмыстарға келгенде, "күрек" таба алмай қалатындары неден?..
Жасұлан Иса, Фейсбук парақшасынан