Жасұлан Иса: ТІЛГЕ ТІЛ ТИГІЗЕТІНДЕР - ҚАУІПТІ!
2019 ж. 02 желтоқсан
2690
2
АЛ ЖОҒАРЫҒА ШЫҒЫП АЛЫП, ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒАТЫНДАР - ҰЛТТЫҢ БАСТЫ ЖАУЛАРЫ
...Бір рет болсын, Тілге қарсы шыққан адамның, енді "Ұлтқа қызмет етеді-ау" дегеніміз қателік. Осыны, мен президенттік сайлау болар алдында да айтамын деп, жекелеген азаматтармен шығысып та қалған болатынмын. Тілді керек қылмайтындарымыз былай тұрсын, Тілге тіл тигізетіндеріміз өте қауіпті! Ал, жоғарыға шығып алып, Тілге қарсы шығатындар болса, Ұлттың басты жауы солар! Бұлардың, алдында не айтып, не істеп, не қойып жүргендерін білмейді екенмін. Білгім де келмейді. Бірақ, тап қазіргі таңда, Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында Қазақ тілінің ауыр халін көтерген Қазыбек Исаға болмай қадалып отырғандары, Тілге, Ұлтқа қарсы шығып отырғандарымен тең деп есептеймін. Өйткені, сол кеңесте, Тіл мәселесін ашық көтерген жалғыз Қазыбек Иса ағамыз болған еді. Олай болса, абайлаңдар, Қазақ тіліне қарсылар! Отпен ойнамаңдар! Жасұлан Иса, Фейсбук парақшасынан