Махамбет Ерғали: «Сенің ойың жаман» деп ертең бәрімізді қамамасына кім кепіл?
2019 ж. 23 қазан
4057
1
Ислам Әбішевтің сот процесін фейсбуктегі тікелей эфир арқылы көргеннен соң осындай ойға келдім.
«Пара алуға оқталды», яғни, «Пара алғысы келген» деген тарихта бірінші рет тағылып отырған айыппен қамалып, соты өтуде…
Демек, болашақта «Жаман ойы болған», «Іштей бірдеңе ойлап жүр мынау», «Әй, осының түрі онша емес», «Не ойлап отырғанын айтпады» деген секілді баптармен де адам соттау болатын шығар.
Адамның не ойлап, не түйгенін сот қайдан біледі? Пара алып тұрған видеосы болмаса, телефон арқылы пара сұраған әңгімесі жазылып алынбаса, демек біздің елде адамды «Бұл алам деп ойлап жүрді» деп қамай салуға болады екен.
Құрметті, қазақ бауырлар! Демек, біз бәріміз қауіпті жағдайда өмір сүріп жүрміз!
Ертең бізді «Сен Үкімет туралы жаман ойлап жүрген секілдісің» деп қамай салмасына кім кепіл?!.
Махамбет Ерғали,
gu-gu.kz