Марғұлан Боранбай: Біздің президент, үкімет пен парламент неге шетел тілінде сөйлейді?
2019 ж. 06 шілде
8422
0
Белгілі қоғам белсендісі Марғұлан Боранбай мәлімдеме жасады. Белсіндінің мәлімдемесін Рүстем Ашетаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.
- Ерсі қылық сияқты, бірақ шындығы сол – мен өзіме болатын сотты ерекше күтудемін, мен үшін ол нағыз көрнекті оқиға болатын түрі бар - мені Юриннің арызы бойынша ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен соттамақшы, - деді Боранбай өз сөзінде.
Белсенді сотқа тартылса да үндемей қалмайтынын айтып, көкейдегі ойын елге жеткізді.
- Біз өзімізді өзіміз сыйламасақ бізді сырттан ешкім де сыйламайды. 20-ғасыр біздің ерік-жігерімізді мұқалтқаны, бізді әбден қорқып қалған қорқақ та тыныш ұлтқа айналдырғаны түсінікті. Алдымен қызыл армия Түркістан майданында катокпен таптады, артынан ұжымдастыру деген сылтаумен орақ пен балға төппештеді, сөйтіп миллиондаған аталарымыз бен әжелерімізді аштан қырды, оның ішінде талай Димаш пен Жансая Әбдімәлік, Олжас пен Мұқағали, Қаныш пен Серік, Бекзат пен Шәкәрім, басқа да мыңдаған талайлар кетті, - деп тарихқа жүгінген Марғұлан Боранбай еліміздегі Мемлекеттік тіл мәлесіне де тоқталып өтті.
- Біздің шенеуніктер, президенттің шетелдегі ресми кездесулерін қоса алғанда, жоғары дәрежелі кездесулерді шетел тілінде жүргізеді, өз тілінде жүргізбейді. Мемлекеттік тілде жүргізбейді. Үкімет пен парламент жиындары шетел тілінде жүргізіледі. Тіпті мен де осыны шетел тілінде жазып отырмын. Өйткені қазақша жазсам, фейсбуктағы жұрттың жартысы, кімге қарата айтып отырғандарымның көбі оны түсінбейді, - деді белсенді биліктегілердің көбісінің қазақша білмейтініне қынжылып.
Ал Тәуелсіздік алғалы отыз жылдай уақыттан бері бұл масқаралықтан құтыла алмай келе жатқанымызға кім кінәлі? Qazaquni.kz