Албания тұрғындары жаңа сайлау өткізуді сұрап отыр
2019 ж. 13 мамыр
2328
0
Албанияда үкіметке қарсы наразылық шеруі өтті. Адамдар Үкімет ғимаратының алдына жиналып, отшашулар атып, жанғыш бөтелкелер лақтырды, - деп хабарлайды 24.kz.
Полиция шерушілерге қарсы күш қолданып, 20 адам жарақат алды. Ал наразылық акциясына қатысушылар үкіметтің отставкаға кетіп, биліктің ауысуын талап етуде. Тұрғындар Премьер-министр Эди Раманы ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысты деп отыр. Және де елде жаңа сайлау өткізуді сұрауда. Үкімет басшысы болса бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.
Айта кетейік, Албанияда билікке қарсы наразылық акциясы 2 айдан бері жалғасып келеді.