ОСК: Тоқаев президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай
2019 ж. 26 сәуір
2702
0
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаев кандидатурасының Конституцияда және "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина құжаттың маңызын түсіндірді.
"Біз президенттікке үміткер ретінде тіркелген Қасым-Жомарт Тоқаевтың талаптарға сай болуын қарап шықтық. Үміткер президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келеді деген шешімге келдік", - деді Мұстафина.
Сондай-ақ, Сәбила Мұстафина шетелде қызмет еткен дипломаттардың президент сайлауына түсуіне қатысты ақпаратпен де бөлісті.
"Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылдың наурызынан 2013 жылдың қазан айы аралығында Швейцарияның Женева қаласында БҰҰ бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женева қаласындағы бас хатшысы болды. Конституциялық кеңестің нормативті-құқықтық қаулысында "Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мүшелікке кіретін халықаралық ұйымда жұмыс істеген" деп нақты көрсетті", - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.