САЙЛАУ-2019: «Ақ жол»партиясынан екі үміткер өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрады
2019 ж. 19 сәуір
3496
0
«Ақ жол» съезінің қарсаңында (Тараз және Өскемен қалаларынан) екі үміткер өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрап, партияластарына бейнежолдау жолдады.
Еске сала кетейік, партияның сайлауға қатысуы және үміткерлерді ұсыну туралы шешім осы жылдың 24 сәуірінде өтетін съезде қабылданады. 13 сәуірдегі «Ақ жол» Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады.
Партия мүшелеріне өздерінің үндеулерін Қуат Рахимбердин (халықаралық сарапшы, партияның Өскемен қалалық мәслихатының 2 шақырылымының депутаты, 2007, 2013 жж. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері, «Қазақстан Республикасының үздік заңгері, 2016), сондай-ақ, Асан Қошмамбетов (Партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының 3 шақырылым депутаты, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқаратын кәсіпкер) жіберді.