Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы емхана жұмысымен танысты
2019 ж. 12 сәуір
2411
0
Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді.
Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.