Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы айтты
2019 ж. 09 сәуір
3937
3
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы айтты. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Тоқаев бұл шешімді қабылдамас үшін Елбасы Н. Назарбаевпен, Парламент палаталарының спикерлерімен ақылдасқанын айтты.
- Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету үшін, алға басу үшін бізге айқындық қажет. Ішкі-сыртқы саясаттағы тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды сәтті іске асыруымыз керек. Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент тек халықтың қалауымен сайланады, - деді Тоқаев.
Тоқаевтың айтуынша, Президент сайлауы 2019 жылдың маусымның 9-ы күні өтеді.