Бауыржан Омаров Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
2019 ж. 09 сәуір
2513
0
Мемлекет басшысының Өкімімен Бауыржан Жұмаханұлы Омаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Бауыржан Жұмаханұлы 1962 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін (1986, қазіргі ҚазҰУ), Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін (1998) бітірген. Филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (2002).
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары; 2010 жылдан Тіл комитетінің төрағасы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі секілді түрлі қызметтер атқарған.
2013 жылғы қаңтардан бері ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды.