Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
2019 ж. 19 ақпан
1696
0
Алексей Цой Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты ол Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысына байланысты ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Ол осы қызметке 2017 жылы ақпанда тағайындалған еді.