Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
2019 ж. 30 қаңтар
1806
0
Бүгін Астанада (сағат 11.00) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктер басшылары қатысатыны күтіледі.
Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі былтыр 9 ақпан күні өткен болатын. Онда еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы уақытта экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды.