Тоғжанов бауырының Сапарбаевтың орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
2018 ж. 13 желтоқсан
2802
0
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бауыры Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ералы Тоғжанов оның бұл қызметке тағайындалуына қатысы жоқ екенін айтады.
Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкіміне бауыры екеуінің тегі неліктен әр түрлі екені жайлы сұрақ қойылды.
«Неге? Біздің тегіміз бір, тек әріптері әр түрлі. Ата-анамыз да бір. Ол үшін қуаныштымын, ол түрлі қызметтерде жұмыс істеген болатын. Аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. Бұл Ақтөбе облысы әкімінің шешімі. Сондықтан барлық сұрақты сонда қоюды сұраймын», — деді Ералы Тоғжанов.
Еске салайық, 4 желтоқсанда Марат Тоқжановтың Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны хабарланған еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аппарат кеңесі барысында жаңа орынбасарды таныстырған еді.