Павлодар әкімдігі бюджет қаржысына кұны 50 миллион теңге болатын коттедж сатып алды
2018 ж. 06 желтоқсан
3048
0
Павлодар билігі аумағы 230 шаршы метр болатын екі қабатты коттеджді сатып алғанына қатысты пікір білдірді. Құны шамамен 50 миллион теңге болатын үйге бюджеттің ақшасы қызметтік қажеттілікке байланысты жұмсалған. Айтуыларынша, басқа өңірлерден келген мемлекеттердің тұратын баспанасы жоқ. кезекте әлі 15 шенеунік тұр. Ал бос пәтер жоқ көрінеді.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Коттеджде кім тұратынын әкімдіктегілер әзірге мәлімдемей отыр. Алайда оның кілті Павлодардың жаңа әкіміне берілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Ал қалада тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны 16 мыңнан асады. Олардың тек 72-сі баспаналы болыпты.
«Берілген өтінішхаттардың ішінде Күмпекеевтікі де бар. Ол басқа да мемлекеттік қызметкерлер сияқты қызметтік баспанамен қамтамасыз етілуге құқылы», – дейді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Аян Бейсекин.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар әкімдігінің 50 миллион теңгеге коттедж сатып алғанын хабарлаған едік.