Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр
2018 ж. 22 қараша
2878
0
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты Twitter әлеуметтік желісінде пікірін білдірді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлады.
«Президент жаңа мақаласында Ұлы даланың бірегей тарихи мұрасын жүйелі түрде жан-жақты талдайды, оның әлемдік тарихтағы рөлі мен орнын ғылыми тұрғыдан байыптауды ұсынады. Елбасының идеяларын жүзеге асыру жолында алдымызда ауқымды жұмыстар тұр», - деп жазды Қ.Тоқаев.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланған болатын. Онда тарихты жаңғырту, архив ісін дамыту, түркі халықтарының онлайн кітапханасын құру секілді бірқатар мәдени бағыттар айқындалған.