Қытай алғаш рет мұсылмандарға арналған концлагерь жайында айтты
2018 ж. 12 қазан
4865
2
Қытай алғаш рет ұйғыр-мұсылмандарға арналған концентрациялық лагерьлер барын айтты. Бұл туралы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының халық өкілдер комитетінің құралған жиында айтылды.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.Құжатта айтылғандай, аймақта «арнайы оқу орталықтары жеке және кәсіптік білім беру іс-шараларын өткізеді». Идеологиялық тәрбиемен айналысып, адамның көзқарасын өзгертуге, тәртіпке келуге көмектесіп, мемлекеттік тіл қытай тілін үйретеді. Орталықта гуманистік көзқараспен тәрбиелейтіні айтылды.
БҰҰ комиссиясы тамыз айында Қытайда этникалық топтардан құралған млн-ға жуық адамды жабық лагерьлерде ұстап отырғаны жөнінде сенімді дерек көздерінен ақпарат алғанын мәлімдеген еді. Ол жерде адамдарды қайта тәрбиелеп, революцилық ән айтқызып, Қытай төрағасының ұстанымын үйретіп, қытай тілін жаттатқызатыны айтылды.
Бейжіңде ШҰАА лагері арқылы мұсылмандар, Пәкістан мен Ауғанстаннан шыққан радикалды исламшылардың, Қытайға кіретіні айтылды. Қытай үкіметінің аймақтағы шаралары лаңкестікке қарсы күреске және мұсылман тұрғындарын бақылауға бағытталған.