Дереккөз: Гүлнәр Каримова жеке рейспен Дубайға ұшып кетті
2018 ж. 04 қазан
3435
0
Өзбекстанның тұңғыш президенті, марқұм Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнәр жеке рейспен Дубайға ұшып барған деп хабарлайды Азаттықтың өзбек қызметі («Озодлик») Каримова тоқтаған қонақ үйдің өкіліне сілтеме жасап.
Сонымен бірге бірнеше дереккөз бұл ақпаратты растаған. Өзбекстанда ол миллиондаған пара алды деп айыпталып, бес жылға сотталған.
1 қазанда Каримованың қызы Иманға инстаграм-аккаунтта Гүлнәр Каримова Ташкентте өзінің үйінде деген ақпарат жарияланды.
3 қазанда Каримованың бірнеше жеке күзетшілерімен бірге Араб Әмірлігіне ұшып барып, күндіз сағат 14.00-лер шамасында Дубайдағы ең қымбат қонақ үйге орналасқаны белгілі болды. «Озодлик» радиосына бұл ақпаратты жеке рейсті күтіп алып, қонақ үйге орналастырған адамдар растады. Кейін аты-жөнін құпия ұстауын өтінген қонақ үй қызметкері марқұм президенттің үлкен қызы шын мәнінде тіркелгенін хабарлады.
Кейін журналистер Каримова тоқтады деген бөлмеге телефон соқты. «Гүлнәр, бұл сіз бе?» деген сұраққа, телефон тұтқасын көтерген әйел «Ия, бұл кім?» деп жауап берген.
Бірақ кімнің қоңырау шалғанын білген әйел телефон тұтқасын тастай салған.
Дубайдағы VIP-қонақтарға қызмет көрсететін қонақ үй жетекшісі (редакция оның аты-жөнін жарияламайды) бес бірдей люкс бөлмені брондаған шын мәнінде Гүлнәр Каримованың өзі екенін айтты. Бірақ ол VIP-қонақтың қай елдің азаматы екенін, жасын, сыртқы келбетін сипаттап беруден бас тартты.
– Біздің VIP-қонақтар Өзбекстан азаматтары емес. Олардың азаматтығы басқа. Сосын ол Ислам Каримовтың қызынан әлдеқайда кіші, – деді ол.
Осының алдында Өзбекстанның бас прокуратурасы Гүлнәр Каримованың түрмеден шыққаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарған.
Гүлнәр Каримоваға экономикалық ауыр қылмыстар жасады, миллиондаған қаржы салық төлеуден жалтарған, пара алды деген айыптар тағылған.
Дереккөз: kaz.365info.kz