«Қазақстан аруы» байқауының қатысушысы вице-министр болып тағайындалды
2018 ж. 29 қыркүйек
2599
1
Осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген 35 жастағы Жұлдыз Омарбекова Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
1983 жылы дүниеге келген Жұлдыз Омарбекова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін тәмамдаған.
Қазіргі лауазымына дейін Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы, Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, Омарбекова әр жылдары «Хабар» телеарнасында жүргізуші болып қызмет атқарған. 16 жасында «Қазақстан аруы» атанып, 21 жасында өзінің қайырымдылық қорын ашқан.