ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Əйтімова қанша зейнетақы алатынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Бірғаным Əйтімова қанша зейнетақы алатынын айтты
2018 ж. 18 қыркүйек
2875
0
"Қызық, бірақ менің зейнетақым көптеген лауазымда болғаныма қарамастан мемлекеттік қызметте бірде - бір күн істемеген достарымдікімен бірдей. Менің зейнетақымның мөлшері 100 мың теңгеден сəл асады", - деді Əйтімова Сенат кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Сенатордың айтуынша, елімізде арнайы, эксклюзив зейнетақылар жоқ.
"Мен зейнеткермін, жəне менің зейнетақым кешегі гараж қызметкерінікімен, яғни гараждың иесінікмен бірдей. Бізде эксклюзив зейнетақылар жоқ. Тек заңмен бекітілген - сот корпусы, əскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары бар", - деді Б.Əйтімова.
Атап өтсек, Бірғаным Əйтімова 1953 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Ол түрлі жылдары Жастар, туризм жəне спорт министрі, Қазақстанның Израильдегі елшісі жəне премьер-министрдің орынбасары болған. Сондай-ақ, Білім жəне ғылым министрі, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарған.