Үшінші топтағы мүгедек Мұхтар Жәкішевтің ауруы асқынды
2018 ж. 16 тамыз
5022
0
«Қазатомпромның» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің ауруы асқынып, адамдардың көмегінсіз жүріп-тұра алмайтын күйге жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі forbes.kz сайтының дерегін негізге алып. Бұл туралы Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдепті. Еске сала кетейік, танымал қазақстандық бизнесмен Мұхтар Жәкішев жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір ол 9 жыл жазасын өтеді.Ресми тілде жүргізілген сұхбаттың негізгі тұстарын мемлекеттік тілге аудара отырып, оқырман қауымға ұсынамыз.
«Қазатомпром» экс-басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына алаңдаулы. Соңғы медициналық тексерілуден соң оның бас ми жүйесінде ақау бар екені анықталды.
17 шілдеде Қарағанды облысындағы колониядан ШҚО-облысы Семей қаласындағы қатаң режимді колонияға ауыстырылған болатын. Осының себебінен Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы тағы да нашарлады.
Мұхтар Жәкішевтің қорғаушысы жекеменшік клиникада медициналық тексеруден өтуін талап етіп отыр. Ал Қылмыстық атқарушы жүйенің комитеті (ҚАЖК) Жәкішевті мемлекеттік медициналық мекемеде тексерістен өтуін талап етуде. Әзірге қос тараптың келісімге келуі мүмкін болмай тұр.
Жаз айында Жәкішев үшінші топтағы мүгедек қатарына қосылып, жұмыс жасау қабілетінің 50 пайызынан айырылды. Сонымен бірге Мұхтар Жәкішевтің жоғары қан қысымның кесірінен көздің ішкі тор қабығы жарылып кеткен. Күз мезгілінде Қарағанды қаласында Жәкішевтің көзіне операция жасалды.
— Ол бірнеше жыл бұрын сотқа дейін, соттан кейін және тергеу кезінде де медициналық тексеруден өткен болатын. Алайда аурудың себептері нақты анықталмады. Оның үнемі қан қысымының жоғарылауының себебі неде? Толық емделмегеннің нәтижесі. Оған тек бірнеше дәрілерді беріп қоятын, Мұхтар сол дәрілердің күшімен ғана жүріп-түратын еді. Көптеген мамандармен оның денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше мамандармен кеңестім. Олардың ойынша, бұл аурулардың негізгі себебі бүйректе болуы мүмкін. Мұхтардың аурудан айығуына тәжірибелі, медициналық мамандар қажет. Ал мұндай мамандар бірде-бір колонияда жоқ" деп мәлімдеді Бейсекеев.
Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына мүмкіндік бар. Бұл қыркүйек айында белгілі болады.
— Әзірге бұл туралы ештеңе айта алмаймын, ҚАЖК басшылығынан өтініш жазатын біреу-міреу табылатын, табылмайтындығы әзірге белгісіз болып тұр, дейді адвокат.
Үшінші топтағы мүгедектерді тек қана физикалық жұмыстан ғана босатады, ал бұл мерзімінен бұрын босатылуына негізгі себеп бола алмайды.