Астана әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу басталды
2018 ж. 12 шілде
4219
0
Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға қатысты соталды тергеу басталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана бойынша Антикоррупциялық қызмет Машуровтың елорда әкімінің орынбасары Хорошунның заңға қайшы әрекеттері бойынша арызы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Арызға сәйкес, Машуров "Тамыз Инвест групп" АҚ құрылыс компаниясының жетекшісі бола отырып, Хорошунға қорғаншылық жасағаны үшін мүлік өткізген", - деп хабарлады Жахин брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Машуровтың айтқандары тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай істің өзге мән-жайы айтылмайды.