Түркиядағы президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
2018 ж. 25 маусым
2446
0
Hurriyetdailynews.com сайты таратқан мәліметке сүйенсек, саналған дауыстардың 56,9 пайызы қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоғанға берілген. Екінші орында Мухаррем Инже тұр. Оған электораттардың 28,4 пайызы дауыс берген көрінеді, - деп хабарлайды egemen.kz.
Ал парламенттік сайлау бойынша Әділет және даму партиясы оқ бойы озып тұр. Оған 48,1 пайыз адам дауыс берген. Бұдан кейінгі орындағы Мемлекеттік халық партиясын 18,6 пайыз электорат таңдаған екен.
Жалпы, Түркияда 60 миллионға жуық электорат бар. Биылғы сайлауға соның 87,1 пайызы қатысқан. Ел аумағындағы сайлау учаскелері жексенбі күні таңғы сағат сегізде түгел ашылды, ал шетелдегі Түркия азаматтары 19 маусым күні дауыс беріп қойған. Дауыс беру Түркия уақытымен кешкі сағат 17.00-де (Астана уақытымен 20.00-де) аяқталды.
Сайлаудың нақты қорытындысы жергілікті уақытпен түнгі сағат 23.00-де белгілі болады деп күтілуде. Айта кету керек, сайлау нәтижесінде президенттік сайлаудың екінші туры өтуі мүмкін. Сарапшылар қазіргі үміткерлер ішінде оппозиция өкілі, халықтық республикалық партия мүшесі Мұхаррем Индже Режеп Тайып Ердоғанмен бірге екінші турға өтуі мүмкін екенін, олай болған жағдайда, сайлаудың екінші кезеңі 8 шілде күні өтетіні болжанып отыр.