Тоқаевтың сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед өз пікірін білдірді
2018 ж. 23 маусым
4826
0
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ВВС телеарнасына берген сұхбатына байланысты сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед өз пікірін білдірді. Онда Сенат депутаты бұл сұхбаттың өз ішіміздегі кейбір үміткерлерді «сынау» мақсатында жасалуы да әбден мүмкін екенін айтады.
– Қасым-Жомарт Кемелұлы өте байыпты, байсалды саясаткер. Меніңше ол сұхбатты батыс қоғамдық пікірінің тамырын басу үшін айтқан сияқты. Тіпті өз ішіміздегі кейбір үміткерлерді «сынау» мақсатында жасалуы да әбден мүмкін. Өйткені Тоқаевтың жауаптары басынан аяғына дейін Елбасы саясатын қолдауға негізделген. Махатхир Мохамадтың жасына қатысты сілтеменің өзінде көп ишара бар екенін байқамау мүмкін емес. Сондықтан әрдайым бізді сынап-мінеуге дайын тұратын шетелдік ақпараттың қатқыл форматындағы бір сұхбат төңірегінде соншама дау-дамай туғызудың еш қажеті жоқ, – дейді сенатор мырза.
Abai.kz