«Жалғыз-жарым Дон-Кихоттардың орнын ірі саяси бірлестіктер алмастырады» - Азат Перуашев
2018 ж. 23 мамыр
4299
0
Жалғыз-жарым Дон-Кихоттардың орнын алмастыруға ірі саяси бірлестіктер келеді- бұл туралы бүгін Азат Перуашев «Сайлау туралы» заң жобасындағы өзгертулерді талқылау барысында Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді.
Перуашев «Ақ жол» ҚДП фракциясы жұмыс тобының қарауына оннан астам түзетулер енгізгенін атап өтті.
«Олардың кейбіреулері қабылданды, ал кейбірін жұмыс тобы қабылдамады. Соған қарамастан, біздің фракция бұл құжатты қолдайды, өйткені, ол қарастыратын сайлау реформасы Қазақстанның партиялық жүйесі үшін өте маңызды және позитивтік мәнге ие», - деп айтып өтті депутат.
«Ақ жол» көшбасшысы 2012 жылдың партиялық бағдарламасында да, 2016 жылы өткен соңғы парламенттік сайлау кезіндегі сайлауалды тұғырнамасында да партиялық тізімдер бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға көшуді партияның мақсаттарының бірі ретінде алға қойғанын еске сала кетті.
«Сонда біздің қарсыластарымыз осы бастамаға аса күмәнмен қарап, оны « шикі »және« мерзімінен бұрын» деп атаған болатын.
Алайда, дәл осы идея бүгінгі күні Заң жобасының негізін құрап отырғаны – «Ақ жол» фракциясының кейде қолдау таппаған көптеген басқа да ұсыныстарының ерте ме кеш пе жүзеге асырылатынын растайды», - деп баса айтты Азат Перуашев.
Сайлау заңнамасын реформалау бастамасы саяси партиялардың, соның ішінде парламенттік азшылықтар партияларының ұстанымдары мен әлеуетін сөзсіз нығайтады. Тіпті, осы бір ғана себептің өзінен оны қолдау қажет және тиісті.
Қоғамда қызу талқыға түскен өзін-өзі ұсынудан бас тартуға келетін болсақ, ол – мұндай реформалардың бұлжымас нәтижесі – деген пікірде «ақжолдықтар».
«Жалғыз-жарым жандардың, таза эмоционалдық ұмтылыстың дәурені өтті. Жалғыз басты «Дон Кихоттардың» орнын жоспарлы, ілгері қарыштаған жұмыстарымен және жүйелі әрі бір ізден таймайтын саясатқа негізделген шешімдерімен бірге ірі саяси бірлестіктер алмастырады», - деп мәлімдеді Перуашев.
«Ақ жол» фракциясы бұл тәсілді тек оң бастама деп қана емес, аса оңтайлы деп санайды.
«Сондықтан да, бідің кейбір қабылданбаған түзетулерімізге қарамастан бұл заң жобасын шүбәсіз қолдаймыз және де біз үміттенген сәттің де келетініне сенімдіміз», - деп ол өз сөзін тәмамдады.