Шымкенттің 70 тұрғыны "Ақ жол" партиясының мүшесі атанды
2018 ж. 18 мамыр
2099
0
Оңтүстік қазақстан облысы, Шымкент қаласы, «Асар» шағын ауданының 70 тұрғынынан Қазақстаннның «Ақ жол»демократиялық патиясының ОҚО филиалына мүшелікке қабылдау жөнінде өтініш түскен болатын. Азаматтардың өтініштерін Партияның ОҚО филиалының кеңесінде қарап, мүшелікке қабылдау жөнінде шешім қабылданды. 2018 жылдың 16 мамыр күні «Асар» шағын ауданындағы ардагерлер үйінде Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық Партиясына мүшелікке өту жөнінде ниет білдірген 70 азаматқа (Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен) салтанатты түрде Партия билеттерін тапсыру рәсімі өтті.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық Партиясының ОҚО филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов, Партияның негізгі мақсаты-тәуелсіз,гүлденген,демократиялық және азат Қазақстан,әрбір азаматтың лайықты өмір сүруі екендігін және қазіргі таңда Қазақстан жұртшылығына, оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудағы Партия жасап келе жатқан еңбектерін айта келе партия билеттерін табыс етіп, Партия қатарына өткендерді құттықтады.
Өз кезегінде Партияға жаңадан қабылданған «Асар» шағын ауданының тұрғыны Пазылбеков Әзімбай өтіштерін аяқсыз қалдырмай тұрғындардың еліміздің саяси өміріне араласып, елбасымыздың саясатын және Партияның алдағы міндеттерін іске асыруға атсалысатынын айта келіп, тұрғындардың атынан рахметін айтты.