Наразылық шеруіне қатысушылар ресейлік ПАРНАС, "Яблоко", "Демократический выбор", "Революционная рабочая партия", "Левый фронт" сынды партиялары мен өзге де солшыл, соған қоса ұлтшыл қозғалыстардың туларын ұстап шыққан. Олар интернет еркіндігін талап етіп, билікті сынап сөйлеген. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хат-хабарын шифрлау кілтін беруден бас тартқаны үшін Telegram мессенджерін сот шешімі бойынша, сәуірдің 16-сынан бастап бүкіл ел аумағында бұғаттаған. Мессенджер билік салған бұғатты айналып өту үшін америкалық Amazon және Google компанияларының серверлерін пайалана бастаған соң, Роскомнадзор оларға кіруге шектеу енгізген. Соның салдарынан интернеттегі 20 миллионға жуық мекен-жай бұғатталып қалған. Telegram мессенджері жұмыс істеп тұр.
Мәскеу халқы тағы да митингке шықты
2018 ж. 14 мамыр
5725
0
Мәскеудегі Сахаров даңғылында «Еркін интернет үшін» тақырыбымен шеру өтіп жатыр. Биліктің келісімі бойынша өтіп жатқан шараға Telegram мессенджеріне қолдау білдіруші жүздеген адам жиналды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.