Мемлекет басшысы ҚХА-ның кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды
2018 ж. 27 наурыз
5835
50
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өкімде Ассамблеяның кезекті 26-ыншы сессиясы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтетіндігі айтылған. Сессия тақырыбы - «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры».
* * *
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы 2018 жылғы 28 сәуір күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бес әлеуметтік бастама - қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Респбуликасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
Астана,
Ақорда,
2018 жылғы 26 наурыз №125