"Назарбаев өмір-бақи басқаруы мүмкін": Парламентте қандай заң қарастырылады?
2018 ж. 06 ақпан
9814
35
Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын берілуі мүмкін. Парламентте “ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы” заң жобасында осындай норма қарастырылды.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы бар”, — деп жазылған “Қауіпсіздік кеңесінің құрамы мен қызметін ұйымдастыру”деп аталған тараудың 4-бабының 2-тармақшасында.
Заң жобасы Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мәртебесі мен құзырын анықтайды және кеңес қызметін ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Ол мәжіліске 24 қаңтарда келіп түсті, құжат мәжілістің сайтында жарияланды.
Қауіпсіздік кеңесі – БҰҰ негізгі саяси органдарының бірі. Ұйым Жарғысына (24- бап) сәйкес, кеңеске халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жауапкершілігі жүктелген. Қауіпсіздік Кеңесінің басты ерекшелігі – ол бейбітшілікке төнген қатердің кез келген түрін анықтап, белгілі бір іс-әрекетті басқыншылық актісі ретінде бағалай алады; сонымен қатар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау немесе қалпына келтіру мақсатында қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс жасауға уәкілетті. Сондай-ақ кеңес бейбітшілік мүддесі үшін қарулы күш қолдану не қолданбау мәселесін жагдайға байланысты шешуге, егер қолдана қалған ретте, тыныштық орнату үшін қаншалықты күш қажеттігін айқындауға қақылы. БҰҰ-на жаңа мүшелер қабылдау барысында басқа қүжаттармен, іс-әрекеттермен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің үсынысы болуы шарт. Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты түрде жүмыс істейді.