Қытайда 120 мың мұсылман «тәрбиелеу түрмесіне» қамалды
2018 ж. 05 ақпан
5872
5
Қытайда ислам дінін ұстанушыларды қудалау әрекеттері тоқтар емес. Қытайдың Синьцзян Ұйғыр автономиясындағы Қашқар қаласында 120 мың мұсылманды саяси тәрбилеу лагерлеріне жібергені белгілі болды. Аты лагер болғанымен, заты түрме. Бұл жайында CNN басылымы хабарлады.
Олар онда революция кезеңіндегі әндерді айтып, Си Цзипиннің саясатын мақтап, туған тілі болып саналмайтын қытай тілінде сөйлесуге мәжбүр екен. Ондаған мың ұйғыр мұсылмандары отырған аталмыш лагер жайында Radio Free Asia басылымында үлкен мақала жарық көрді.
Аталмыш сұмдық қылмыстарды жергілікті және халықаралық адам құқығын қорғайтын ұйымдар қатаң айыптап отыр. Осындай ұйымның бірінде қызмет ететін Өмір Кенет: «Әр үйден кемі үш-төрт адамнан әкетіп жатыр. Кей ауылдарда тіпті тек қана әйелдер мен балалар қалған, ал еркектердің барлығы тәрбиелеу түрмелерінде» — дейді әлемдік ұйғыр конгрессінің төрағасы.
Бұл сұмдық қылмыс осыдан үш жыл бұрын басталса да, әлемдік қауымдастық үнсіз отыр. Ал Қытай билігі мұсылмандарды тек қана тұтқындап қоймай, сонымен қатар барлық аймаққа бақылау кемерасын қойып, 16-65 жас аралығындағы жандарға GPS-датчиктер орнатып, ДНК-ларын алған көрінеді. Өз әрекетін Қытай билігі күшейіп келе жатқан радикалдық ағымдардан қорғану деп түсіндіруде.
Дереккөз: arhar.kz