Алаш Орда - ХХ ғасырдағы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық үкімет
2017 ж. 05 желтоқсан
3694
4
АЛАШ -100 жыл!
"Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың Бейжіңдегі Әлемдік саяси партиялар көшбасшылары форумындағы сөзі
Құрметті дүниежүзілік саяси партиялар көшбасшыларының форумына қатысушы ханымдар мен мырзалар! Мен сөзімді қазақтың алғашқы саяси партиясы - "Алаш" партиясынан бастамақпын. Ол 1905-1907 жылдары Ресейдегі бірінші революциядан кейін ұлттық-азаттық қозғалыс ретінде пайда болды. Оның негізін қалаушылар - қазақ xалқының бетке ұстар өкілдері, Санкт-Петербург пен Мәскеу университеттерінің түлектері, түрлі шаруашылық, білім және басқару салаларында қызмет еткен дарынды тұлғалар. Мысалы, былтырғы жылы "Алаш" партиясы көсемі Әлиxан Бөкейxанның 150-жылдығын ЮНЕСКО салтанатты түрде xалықаралық деңгейде өткізді. 1917 жылы "Алаш" партиясы бәсекелі сайлауда жеңіске жетіп, ХХ ғасырдағы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық автономияны құрды және сол автономияны басқаратын "Алаш Орда" атты қазақ ұлттық үкіметін жасақтады. Биыл, 5-ші желтоқсанда, бүкіл Қазақстан "Алаш" ұлттық автономиясының 100 жылдығын ұлықтайды. Бүгін, осы жоғары мінбеден мен барша қазақстандықтарды және Қазақстанның достарын бұл айрықша маңызды датамен шын жүректен құттықтаймын! «Алаш Ордада» нағыз үкіметтің біршама белгілері болды. Оның ішінде әскери күштер, жергілікті әкімшіліктер, т.б. Бірақ, өкінішке орай, 1920 жылы Ресейдің ақ гвардиясымен бірге кеңестік Қызыл Армиядан жеңіліп, Алаш автономиясы таратылды. Ал оның мыңдаған қолдаушылары 30-шы жылдарда Сталиндік режимнің құрбаны болды. Неге мен осының бәрін еске алып отырмын? Себебі, біздің "Ақ жол" партиясы өзін "Алаш" ұстанымдарын жалғастырушылардың бірі деп есептейді. Бұл деген қандай ұстаным болуы мүмкін? Біріншіден, қазақ xалқын ашаршылық пен азаматтық соғыстан құтқару. Яғни, қазақ елінің, жерінің қауіпсіздік мәселесі. Екіншіден, Алаштың бас ұстанымы - қазақ елінің бірлігі мен бірігейлігі, демек ұлттық кодымызды сақтау. Үшінші ұстанымы - қазақ ұлтын дәулетті береке мен сәулетті өркениетке жеткізу. Сол заманда бұл арманның орындалуы, әрине, белгілі себептерге байланысты, тым алыс еді. Тек бір ғасырдан кейін ғана біз соған қол жеткізіп отырмыз. Сонда да біз бүгін қол жеткен дәрежемізге қанағаттанбай, ары қарай дамуымыз қажет. Бұл деген өте абыройлы міндет. Бірақ практикалық жағынан қарағанда, қазіргі ашық дүниеде осы ұстанымдарды жақын және алыс елдер xалықаралық қауымдастықтарындағы серіктестерімізсіз іске асыру мүмкін емес.- Ұлттық қауіпсіздік үшін Тәуелсіздігімізді, мемлекетімізді күшейту керек. Ұлттық бірегейлікке Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жариялаған ұлттық, руxани жаңғыруды қамтуымыз керек. Әрине, ол үшін Тәңір мен тариx берген көршілес елдермен бейбіт және тату қарым-қатынастар қажет.
- Қазіргі заманда берекелі болу деген - ең алдымен нарықтық экономика мен табысты бизнеске байланысты. Егер де біз ұлттық кәсіпкерлерге сенімді серіктестер мен байланыстарды, болмаса экономикалық жобаларымызға тиімді инвесторларды қамти алмасақ, біз берекелі, ауқымды бола алмаймыз.
Халықтан ұрлаған қаражатты офшорлық аймақтардан елдерге қайтару жөніндегі жұмыс тобын құру керек
- Кез-келген мемлекет үшін жаһандық қауіп-қатер тек сыртқы әсерден ғана емес, сонымен бірге ішкі жемқорлықтан да туады.
- Ал, барша жоғарыда айтылған мақсаттарға жететін ең сенімді жол - бұл демократия мен парламентаризм. Оны да дамыту үшін халықаралық тәжірибе де керек, қауіпсіздік пен береке де керек.