Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім
2017 ж. 23 қараша
4635
11
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев көзге түскен азаматтарға мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімінде өзінің іс-әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik.
"Көбісі Атамбаев "тағы артық сөйледі" деп айтып жатады, бірақ мен қызбалыққа салынсам да, бәрін ойланып барып айтамын. Кейбір мәлімдемелерді жасаған кезде, өзіме өте мықты дұшпандарды жинап жатқанымды білдім. АҚШ базасын шығарған кезімде бұған ешкім, тіпті америкалықтар да сенбеген еді. Базаны өзімізде орналастырып, Ақ үйге "тізгінді" беріп қою арқылы біз екі ұлы держава – Ресей мен Қытайды қатты ренжіттік", — дейді Атамбаев.
Ол АҚШ-тың көмегінен гөрі көрші елдермен достық қарым-қатынасты сақтау анағұрлым маңызды екенін атап өтті.
"Кейде маған, керісінше, қарым-қатынасты бұзуға (көрші елдермен) тура келді. Каримовтың не болмаса Назарбаевтың мені ешқашан кешірмейтінін білдім, мен бұған қуанды деп ойламаңыздар… Егер мен БҰҰ-да және кейінірек үндемей қалғанымда, бәлкім, қазір елді "шестерка" басқарар еді», — деді президент.
Ол достары мен туыстарын жоғары қызметке орналастырмағандықтан, қазір олар қасында екенін айтты.