Соғды облысы төрағасының бұрынғы орынбасары және Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациясы және демаркациясы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының мүшесі Джумабай Сангинов Қырғыз Республикасының биліктен кетіп бара жатқан президенті Алмазбек Атамбаевтың соңғы айтқан мәлімдемесіне «ақылға қонымсыз» деген баға берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Радио Озоди»-ға сілтеме жасап.
Атамбаевтың сөзі Тәжікстанда да наразылық туғызды
2017 ж. 22 қараша
3010
0
Қырғызстан басшысы 20 қарашада өзінің соңғы қорытынды конференциясында «егер де Эмомали Рахмонға ешкім кеңес бермегенде, Тәжікстанмен шекара толық сызылып қойылатын еді» деген мәлімдеме жасады.
Атамбаевтың айтуынша, бүгінде Тәжікстанмен шекараның жартысы ғана бөлінген.
«Біз қалған 50 пайызды сызып тастауға дайын болдық. Тек екінші жартысы да бірінші бөлігі сияқты жағдаймен сызылу керек деген бір шарт қойдық. Егер Тәжікстан президентіне қалған учаскені басқа принциппен сызу керек деп кеңес берілмегенде, біздің айтқан шартымызбен бөлінер еді», - деді Атамбаев.
«Онда костюмның бір жеңі басқа түс, екінші жеңі басқа түс болып қалады. Бұл – дұрыс емес. 1925-1926 жылдардағы құжаттарға сүйене отырып, жасау керек деген де айтылды. Сол кезде мен 1923-1924 жылғы құжаттарға қарауға кеңес бердім. Ол кезде Тәжікстан болған да жоқ. Өкінішті, әрине», - деп қосты Қырғызстанның басшылықтан кететін президенті.
2010-2015 жылдарда Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациясы және демаркациясы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының мүшесі болған Джумабой Сангиновтың мәлімдеуінше, Эмомали Рахмон бұл мәселеге ұлттық қызығушылық тұрғысынан қарады және біреудің кеңесі оған қажет болған емес, қазір де керек емес.
«Қырғызстан басшысы екі жеңі екі түрлі түстегі костюм туралы сөйледі. Айта кету керек, шекараны демаркациялау туралы келіссөздер кезінде қырғызстандық тарап үнемі өз позициясын өзгертіп отырды. Біз мәселені заң және халықаралық келісім аясында шешу керек дегенде келісетін, ал құжатқа қол қою керек кезде халықаралық нормаларға мүлдем сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынатын», - деді Джумабой Сангинов «Радио Озодимен» телефон арқылы сөйлескен кезде.
Осы уақыта дейін Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы 976 шақырым ортақ шекараның 505 шақырымы ғана анықталып, демаркаланған. Шекара сызығы шартты түрде жасалған және кейде жолдың шетіне не елді мекендерге шығып кетеді. Сарапшылардың пікірінше, мәселенің мәнісі шекараны бөлуде әр жылда шығарылған карталық деректерді пайдаланғанда болып тұр. Душанбе 1924-1939 жылдар арасындағы картаға сүйенейік десе, Қырғызстан 1958-1958 жылдардағы дерекке қарайды, делінген хабарламада.
Джумабой Сангинов мемлекеттік шекараның 505 шақырымы тәжікстандық тараптың арқасында бөлінді деп есептейді.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев 2011 жылдың 1 желтоқсанында президент болып тағайындалды. Осы жылдың 24 қарашасында Қырғызстанның жаңа президенті – Сооронбай Жээнбековтің ұлықтау рәсімі өтеді.