Қытай Коммунистік партиясының XIX съезінен не күтуге болады?
2017 ж. 18 қазан
3128
2
Си Цзиньпиннің ҚКП Бас хатшысы ретінде қызмет ету мерзімі тағы бес жылға ұзартылады деп күтілуде
Бүгін, 18 қазан, Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 19-шы съезі ашылды. 24-қазанға дейін жалғасатын іс-шарада елдің барлық жерінен жиналған 2,280 делегат, ҚХР-ның өткен кездесуден бастап осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерін талқылайды және партия басшылығының жаңа мүшелерін сайлайды.
Қытайдың әлемдік экономикалық жүйедегі орнын ескере отырып еске сала кетсек, ол Америка Құрама Штаттарынан кейінгі ІЖӨ көлемі бойынша екінші орынды иеленеді, сондықтан бұл съезге неліктен мұқият назар аудару керектігі түсінікті. Қазақстан да бұдан қалыс қалып отырған жоқ. Қытай ел экономикасының негізгі инвесторы болып табылады, мемлекет бірлескен индустриялық жобаларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Қазақстан қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақпен байланыстырылған қытайлық «Жібек жолы экономикалық белдеуін» жүзеге асыруға қатысады.
Today.kz Қытай Коммунистік партиясының XIX съезінде талқыланатын мәселелерді және оның «беті» қалай өзгеретінін түсінуге тырысты.
Си екінші мерзімге келеді
ҚКП-ның съезді өткізу күні туралы ресми мәлімдемесінде «іс-қимыл жоспары жасалып, дәуірдің талаптарын қанағаттандыратын негізгі саяси бағыттар белгіленетін болады» деп айтылған.
Бірақ, партияның қандай бағытта жүретіні ғана емес, сонымен қатар Си Цзиньпиннің екінші бесжылдықта қайта сайлана ма екендігі маңызды. Алайда, бұл мәселе іс жүзінде шешілген сияқты. Жергілікті баспасөзге қарағанда, съездің қарсаңында партия Си имиджін жақсарту үшін насихат науқанын бастап кетті. Онда ҚХР Төрағасының жетістіктерін мақтайтын деректі фильмдер және оның жастық шағы туралы кітабы кірді.
«Партия Си-дің қоғамдағы оң беделін қалыптастырумен айналысуда», - деп түсіндірді Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетінің саяси талдаушысы Чэн Даойинь.
Мұнда Си Цзиньпиннің өмірбаянына жүгіну керек. Оның балалық шағы молшылықта өтті - ҚХР болашақ басшысының әкесі биліктің ең жоғары эшелонында болды, бірақ 1962 жылы ол партияға қарсы астыртын сөз байласты деп айыпталды.
«Мәдени революция» кезінде Си-дің әкесі тұтқында болды. Ал кіші-Си 1969 жылы елдің ең кедей провинцияларының бірі - Шэньсидің ауылына «еңбекке қайта тәрбиелеуге» жіберілді.
Сол кезді еске ала отырып, Си Цзиньпин ауыр жұмыспен және жалғыздықпен үнемі күресуге тура келгенін айтты. Бұл қытайлықтардың санасына ол туралы «қарапайым» қытайлықтардың өмірін түсінетін адам ұғымын қалыптастырды. Осының арқасында қарапайым адамдардың көңіл-күйі оның жағында болды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов Си ҚКП Бас хатшысының лауазымына екінші рет тағайындалуының тағы бір дәлелі бар екенін атап өтті. Сарапшы Си Цзиньпиннің 2012 жылы сайланғаннан кейін аспан асты Елінде көп нәрсе өзгергенін еске салады.
«Си-дің биліктегілерді бір жерге топтап, бүкіл әлемде айтылып жүрген реформаларды осындай қысқа мерзімде жүзеге асыра алатынын ешкім күтпеді». «Қытайлық арман», «Бір белдеу - бір жол» сияқты ірі бастамалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған ауқымды науқан және басқа да реформалар соңғы бес жылда Си Цзиньпин командасының басты назарында болды.
Бұл бастамалар Қытайдың ішкі және сыртқы саясатына үлкен әсер етті. Осыған байланысты, Си-дің баяндамасын талдау қызықты болады, онда ол соңғы бесжылдықтың қорытындысын шығарады », - деді Р.Изимов
Сонымен қатар, қытай баспасөзінде Си есімі Қытайдың Коммунистік партиясының жарғысында елдің ең көрнекті саяси көшбасшылары Мао Дзэдунмен (Ұлы басшы) және Дэн Сяопинмен (ірі экономикалық реформалардың бастамашысы) қатар есте сақталуы мүмкін.
Бұл болжам жүзеге асырыла ма, ол жағы тек съезде ғана белгілі болады.
Коммунистік партия не талқылайды?
Съездің баспасөз-хатшысы, Қытай Коммунистік партиясының насихат бөлімі директорының орынбасары То Чжэнь алдын-ала өткен брифингте ҚКП жиналыста өз жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізетінін және жоғарғы басшылықты сайлайтынын мәлімдеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары Си ҚКП-ның жарғысына «төрт жағын тегіс қамтитын нәрсені» енгізуді жоспарлап отыр деп топшылайды. Бұл директивалар Қытайда «орта ауқатты» қоғамды құруды, реформаларды жүргізуді, заң үстемдігін және партиядағы тәртіпті сақтауды талап етеді. Бұл өзгерістер Си Цзиньпинге өзінің саяси философиясының әсерін және өз билігін нығайтуға, өз мүдделестерін басшылық лауазымдарға тағайындауға мүмкіндік береді.
«Съезде елдің жоғарғы басшылығы алдағы бес жылдыққа жоспарлар белгілейді». Дәстүр бойынша жаңа жоспардың негізгі ережелері келесі жылдың наурыз айында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының сессиясында белгілі болады. Дегенмен, ағымдағы съезде ҚХР-дың жоғары басшыларының сөз сөйлеуі негізінде, жаңа басшылардың саясатының бағыттарын белгілеуге болады», - дейді ӘЭСИ Еуразиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов.
Съезде Си Цзиньпин ел билігіндегі жұмысын қорытындылай отырып, жаңа бес жылдық мерзімге деген өзінің көзқарасын баяндайды. Съез аяқталғаннан кейін ғана, ҚКП-ның Орталық комитеті саяси бюроның жаңа мүшелерін сайлау үшін жиналыс өткізеді. Онда қытайлық көшбасшы өз жақтастарын ұсынады деп күтілуде.
«Ашығын айтқанда, болжам бойынша жаңа саяси бюро құрамына қосыла алатын тұлғалар саны жеткілікті». Осы ретте ұсақ түйекке тоқталмай ақ бір нәрсені атап өтуге болады - съезден кейін ҚХР билік құрылымдарындағы қазіргі ҚХР Төрағасының жақтастары мен жеке сыбайластары әлдеқайда көп болады, демек, Си Цзиньпиннің қабылдаған реформасы жаңа қолдауға ие болады», - деп ойлайды Р.Изимов.
Сарапшының сөзіне қарағанда, съезде сайланған Қытай Халық Республикасының Төрағасы мен Мемлекеттік Кеңестің Премьер-Министрі бастаған жаңа қытайлық саясаткерлер алдағы бес жылда билік басында болады.
«Жаңа көшбасшылардың қатарында сыртқы саясаттың қатаң бағытын ұстанатын қытайлық саясаткерлердің жаңа буын өкілдері көбірек болады. Тәжірибе көрсеткендей, ішкі элиталық сценарийдегі өзгерістер Қытайдың жалпы сыртқы саясат бағытына тікелей әсер етеді» - дейді «Еуразиялық зерттеулер" бағдарламасының жетекшісі.
Қазақстан туралы не деуге болады?
Руслан Изимов қазіргі уақытта Қытайдың Орталық Азияға қатысты стратегиясы негізінен қалыптасқанын атап өтті.
«Негізге алынатын ынтымақтастықтың басым салалары мен негізгі қағидаттары анықталды. Бірақ, Қытайдың ішкі саясаты өзгеруі және әлемдік саяси үдерістерде оның рөлінің дамуы барысында Қытай басшылығының сыртқы саясаттағы, оның ішінде Қазақстанға деген көзқарастары бірте-бірте ауысып отырады. Бұған белгілі бір дәрежеде Си Цзиньпин бастаған қазіргі қытай басшыларының командасы айналасына билікке шоғырлану үрдістері өз үлесін қосады", -дейді сарапшы.
Бұдан келесі жайларды аңғаруға болады, Қазақстан Қытай Коммунистік партиясының XIX съезінің шешімдерін, ішкі Орталық Азия аймағындағы оқиғалар сияқты мұқият қарау қажет. ҚХР саясатындағы өзгерістер Қазақстанға қандай да бір әсерін тигізеді. Және оған дайын болу керек.