Мұхтар Алтынбаевтың ұлы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
2017 ж. 07 қазан
2727
7
Мұхтар Алтынбаевтыңұлы Мүслім Мұхтарұлы Қазақстанның Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, Елбасы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Елбасының жарлығымен Алтынбаев Мүслім Мұхтарұлы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", — делінген хабарламада.
Мүслім Алтынбаев 1966 жылы 19 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келді.
Ставрополь жоғары авиациялық ұшқыштар және штурмандар училищесін, ҚР ҰҚК институтының курсын, РФ ҚМ Әскери-дипломатиялық академиясын, АҚШ Қорғаныс лингвистикалық институтының ағылшын тілі курсын бітірген.
2-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.