Киев облыстық мәслихатында (кеңес) «Петр Порошенко блогы» мен «Батькивщина» партиясының депутаттары төбелесіп қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Парламенттегі нокаут. Екі депутат төбелесіп, біреуінің жағы сынды
2017 ж. 28 қыркүйек
5006
1
Облыстық депуттардың арасындағы жанжал туралы «Свобода» партиясының белсендісі Александр Аронец Facebook-те хабарлаған.
Оның айтуынша, төбелестің шығуына «Петр Порошенка блогындағы» мәслихат жетекшілерін отставкаға жіберуді талап етуі себеп болған.
«Анна Стариковаға (облыстық кеңес басшысы) «Батькивщина» депутаты Хахулин жақтасқан кезде депутат Карлюк оған қарсы шығып, соққыға жықты. Депутат қазір жатыр, жедел жәрдем шақыртылды» деп жазған ол.
Видеода көрініп тұрғандай, Стариковаға «Петр Порошенко блогының» өкілі Виталий Карлюк жақындап келіп, оның микрофонын жұлып алады. Осы кезде «Батькивщина» мүшесі Владислав Хахулин түспекке жүгіріп келгенде Карлюк оны жұдырығымен қатты ұрып жібереді. Депутат соққыдан сылқ етіп құлап қалды. Әріптестері оның бетіне су сеуіп жатыр. Бір депутаттар "Жедел жәрдем шақырыңыздар!" деп айғайласа, енді бірі милиция шақыру керектігін айтады.
Соққының салдарынан депутаттың миы шайқалып, жағы сынды деп жазады дереккөз.