Бақ тайса басыңнан...
2017 ж. 22 қыркүйек
7193
10
Д.А.Қонаев КОКП ОК кезектi Пленумына қатысу үшiн Мәскеу қаласындағы Орталық Комитеттiң қонақ үйiне тоқтаған. Шақыру себебi – КОКП ОК саяси бюросының мүшелiгiнен босату. Сонда қонақ үйдiң асханасына кiргенде басқа республикалардың делегаттары жамырай орындарынан тұрып, Димаш Ахметұлының қолын алып, аман-саулық сұрасып жатқанда, бiздiң Қазақстаннан барған 38 делегат төмен қарап, орындарынан тұрып сәлем беруге жарамағандары қандай мәдениетсiздiк, қандай сорақылық? Не деген көргенсiздiк?! Ол кезде Қазақстанда 19 облыс бар болатын. Делегаттар – сол 19 облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшылары мен облыстық атқару комитеттерiнiң төрағалары. Кезiнде олар Димаш Ахметұлы қызметте жүргенде қолын алуға таласатын, жақсылығын көрген, ел билеген азаматтар болатын.
Қабылан КӨРПЕБАЕВ,
kazakh-tv.kz