БРИКС баламалы әлемдік тәртіпті қалыптастыруда негізгі рөлді ойнауы мүмкін – қазақстандық сарапшы
2017 ж. 06 қыркүйек
2814
0
Қыркүйектің 3-5 аралығында Қытайдың Сямэнь қаласында өтіп жатқан БРИКС саммиті қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты «Еуразиялық зерттеулер» бағдарламасының жетекшісі Руслан Изимов аталмыш оқиғаның маңыздылығы мен Орталық Азия елдері үшін ашылатын даму перспективалары туралы russian.news.cn тілшісіне пікірімен бөлісті.
Сарапшының пікірінше, саммит – бұл күздің ең көп күтілген оқиғасы, себебі, соңғы кездері әлемде қауіпсіздік мәселесі тым күрделеніп кетті. Бұл ең алдымен, терроризм, экстремизм және қару-жарақ саудасы секілді халықаралық трансұлттық қауіптердің күшеюімен байланысты.
«Жыл басынан бері Франция, Голландия және жақында ғана Испания секілді елдерде ірі терактар орын алды. Бұл терроризм мәселесі бүкіл әлемдік қауымдастық үшін өзекті екендігін білдіреді. Сонымен қатар, ядролық соғыс қаупі мәселесі де қайтада өзекті бола бастады. АҚШ пен КХДР арасында осыған дейін болған конфронтациялық риторика шектен шығып кетті, ағымдағы жылы да біз екі тараптың да зымырандарды қолдана отырып соғыс қимылдарына көшу туралы айбатын көрдік. Бір сәтте күллі әлем жаппай қырып-жою қаруы пайдаланылатын үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрды», - деді ол.
Р. Изимов жаһандық және аймақтық державалар арасындағы қарым-қатынас кернеулі күйде екенін айтты. Дональд Трамп басқаратын АҚШтың жаңа әкімшілігі Ресей және Қытаймен ғана емес, сондай-ақ, Еуроодақ секілді одақтас мемлекеттермен де екі жақты қарым-қатынасты күрделендіріп жіберді.
«Осының барлығы АҚШ басқарып отырған бірполярлы әлем өзін тұтастай жойғанын дәлелдейді, қазіргі уақытта әлемді қалыптастырудың жаңа механизмдерін іздеу шарт, күштер тоғысқан бірнеше орталық болу керек. Бұл жағынан алғанда БРИКС секілді әлемнің ірі экономикаларының саммиті өте айтулы оқиға. БРИКС формалды емес бірлестік болғанымен, менің ойымша, экономикалық әлеует пен құрамына барлық ядролық мемлекеттер кіретіндіктен, баламалы әлемдік тәртіпті қалыптастыруда негізгі рөл атқара алады, нәтижесінде Азия, Африка және Еуропада күштер орталықтары пайда болар еді. Мен маман ретінде БРИКСтің болашағына үлкен үмітпен қараймын», - деді сарапшы.
Күн тәртібіндегі мәселені талқылай отырып Р. Изимов Қытайдың саммитке дайындақ барысында үлкен жұмыстар атқарғанын атап өтті. Шара аясында БРИКС елдері арасындағы экономикалық ықпалдастық пен өзге де дамушы мемлекеттермен серіктестік орнату мәселелері талқыланады.
«Әрине, бұл біз секілді Орталық Азияның өзге де мемлекеттері үшін қуанышты жайт. Қазақстан үшін Ресей мен Қытай, немесе Үндістан секілді
солтүстік немесе шығыстағы серіктестермен қарым-қатынас орнату үлкен перспективаларға жол ашады, себебі, біздің экономикалық бағдарламалардың басым көпшілігі Ресейдің/Еуразиялық экономикалық одақ/ және Қытайдың/«Белдеу мен жол» бастамасы/ жобаларымен түйіндес болып келеді. Сондықтан, Қазақстанның экономикалық әл-ауқаты да БРИКС келешегінен байланысты және біз Сямэньдегі саммит шешімдерін мұқият бақылап, өзіміз үшін қандай жобаларға қатысатынымызды айқындаймыз. Жалпы алғанда, БРИКС елдері ұстанатын жолдың сәтті болатынына сенім білдіреміз», - деді ол.
«Біз, Қазақстан, БРИКСтің дамушы елдермен серіктестік орнату мәселесіне назар аударғанына оң көзбен қараймыз. Мұнда инвестициялар, жаңа көлік коммуникацияларын салу секілді өзара тиімді жобалар көп. Бұл мәселеде Қазақстанның барлық үш көршісі өз рөлдерін атқара алады: солтүстікте – Ресей, шығыста – Қытай және оңтүстіктігі елдердің арғы жағында орналасқан Үндістан. Мұнда үлкен әлеует жасырынған. Саяси ықтиярлық болып, біздің бизнес қауымдастықтар одан ары өзара ынтымақтастық әрекеттеріне көшсе, біз үшін үлкен перспективалар ашылады деп ойлаймын», - деді ол.
Р. Изимовтың пікірінше, БРИКС елдерінің экономикалық әлеуеті жапсарлас мемлекеттердің дамуына жаңа серпін береді, соның ішінде Орталық Азия елдері үшін.
«БРИКС әлеуеті – экономикалық жағынан ғана емсе, техникалық жағынан да қуатты. Үндістан, мысалы, медициналық препараттарды шығару мен экспорттау бойынша үздік, Бразилияның ауыл шаруашылық саласындағы тәжірибесін пайдала алар едік, Қытай, әрине, жаңа технологиялар, әсіресе, жаңғырмалы энергия көздерін өндіруімен қызықты. Қытай қазіргі уақытта баламалы және жасыл экономика саласына инвестиция құю бойынша көш бастағысы кеп тұрғанын білеміз. Аталған салалардың барлығында үлкен әлеует бар, сондықтан Орталық, Оңтүстік Ази мен Кавказға лайықталған нақты жобаларға көшу керек. БРИКС әлеуеті Еуразиялық континеттің барлық елдеріне жетеді деп ойлаймын», - деді Р. Изимов.
Сарапшы БРИКС елдерінің экономикалық және гуманитарлық салаларда серіктестік орнату бойынша бастамасын тартымды деп атады.
Руслан Изимов