Әзімбай ҒАЛИ: Үндістанның аш-жалаңаш жұмыссыздарын қаптату өте зауалды
2017 ж. 03 қыркүйек
5603
15
Индияда, Бангладеште, Пакистанда қаптаған жұмыссыз, аш-жалаңаш жұмыссыз көп, соларды Қазақстанда қаптату өте зауалды. Араб Әмірліктеріндегі жұмысшы-эммигранттар Шарджа аэропортының отырыс залының жерінде, цемент еденінде ұйықтап жатады, шала ағылшынша сөйлейді, ал бізде шала орысша сөйлейтін болады.
Қыста киім сұрап әлем-жәлем болып көшеде жүреді. Ауырғанын ауруханаға орналастыру керек болады, олар түрлі жаңа ауру таратады, бұрын кездеспеген криминалдық жағдайлар туады. Бейресми ұйымдар соларға тамақ, киім жинайды - бара келе олар соны талап ететін болады. Біраз уақыттан кейін олар отбасыларын, аға-інілерін әкеледі, кейін олардың әйелдері келеді. Оларды қусаң әлем "қазақтың әділетсіздігі" туралы айқай салады. Олар көп істерді халықаралық соттарға беріп үнемі ұтып отырады.
Индия, мұсылман мемлекеттер біздің ІІМ ноталарды жаудырады. Ауқын-ауқын қазақтар мен эммигрант жұмысшылары арасында жанжал төбелес, кісі өлімі ұшырасатын болады. Қазақ расизмі пайда болып, Ресей қара пиармен біздің абыройымызды төгіп, әлемге таратып сөгеді.
Арзан шет елдіктерді біздің Билік қуғысы келмейді, жұмыс қолы нарығында демпинг әсері пайда болады. Олардың көбісі заңсыз келгендіктен заңсыз цехтар ашып күндіз сонда жұмыс істеп, түнде серуенге шығады. Араб әмірліктерінде олардың көбісі құрылыс жұмысшылары. Енді оларды заңдастырып әкелетін болыпты. Оларды көп бөлігі біздің ІІМ өз парақоры ретінде тұрақты және сенімді клиентіне айналдырады. Бара келе олар халықаралық ұйымдарға жүгініп құқығын қорғап, бізбен құқығын теңестіреді.
Қорыта айтсақ, пайдасынан зауалы көп болады. Одан да оралмандарды жинайық...
Әзімбай Ғали, Фейсбук парақшасынан