Экс-депутат Айгүл Соловьева Ердоғанмен бір қонақ үйде жатқанын айтып мақтанды
2017 ж. 01 қыркүйек
4158
6
Қоғам белсендісі, мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Түркия президенті Режеп Ердоғанмен бір қонақ үйде жатқанын айтып мақтанды. Бұл туралы "Караван" басылымы жазды.
"Мен Ердоғанмен бір қонақ үйде болыппын. Сондықтан шығар, ондағы сыпайы қызметшілер аяқ астынан қатал боп шыға келіп, біраз шектеулер енгізді" дейді А.Соловьева.
Оның Түркиядағы демалысы керемет болған. Тек Соловьева ханымға қонақ үйдегі бір нәрсе ұнамай қалыпты.
"Қонақ үйде маған қызмет көрсету үшін түрлі адамдар келді. Каталогтарды қарадым, киім киіп көрдім, бір нәрселер тіктірдім, келгендерге шәй бердім. Бір сағаттан сәл ғана асатын осындай үш кездесу үшін қосымша 125 доллар төлеткізді. Бұл қауіпсіздік үшін дейді. Қауіпсіздікті ойласа, ешкімді кіргізбеу керек қой!" дейді А.Соловьева.