ОҚО жоғары оқу орынының түлегі ең жас әкім атанды
2017 ж. 28 тамыз
1996
0
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Жансұлтан Сейітжанов ең жас әкім болды, ол 25 жаста, деп хабарлайды өңірлік "Отырар" басылымы.
Өңірде белгіленген тәртіппен өткен ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды.
"Сайланған әкімдердің арасында ең жасы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының әкімі Жансұлтан Сейітжанов болып табылады, ал Мақтаарал ауданы Мақталы ауылдық округінің әкімі Дарханбек Инарұлы 62 жаста", — деп хабарлады
Жаңа сайланған әкім Сейітжанов Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік университетін бітірген.
Басылымның атап өтінше, 95 ауылдық окргутен 320 үміткер тіркелген. Олардың 302-сі — ер адамдар, ал 18-і — әйелдер.