Қамалған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің атынан мәлімдеме жасады
2017 ж. 21 маусым
2895
7
Белгілі бизнесмен, спортшы Мұратхан Тоқмәдидің жұбайы - журналист, кәсіпкер Жәмила Айымбетова-Тоқмәди әлеуметтік желіде күйеуінің атынан мәлімдеме жасады. Мұнда ол өзін де, күйеуін де қоғам қайраткері деп көрсеткен.
Бұл туралы Caravan.kz Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің Фейсбуктегі парақшасына жариялаған жазбасына сүйеніп хабарлады.
"Күйеуіме оның бұрынғы серіктесі Непропекин Сергей Анатольевичтің арызы бойынша айып тағылыпы отыр. Олар 2003 жылы "ҚазШыныҚұрылыс" компаниясын құрған еді. Бірақ екі жылдан кейін оның (Непропекиннің - ред.) үлесін күйеуім сатып алды. Мұны растайтын құжаттар бар. Олар жақын уақыттарға дейін араласып та жүрді. Алайда бұл азамат өз арызында жұбайымның оны бірлескен бизнестегі үлесін сатуға мәжбүрлегенін айтыпты... Мен күйеуімді 20 жылдан бері білемін. Сондықтан Мұратхан Тоқмәдидің осыдан 14 жыл бұрын Сергей Непропекиннің ешқандай да үлесін күштеп тартып алмағанын растай аламын" дейді Жәмила.
Сондай-ақ, ол енді Мұратхан Тоқмәдиге қатысты істің заң шеңберінде жүретініне, отбасы мен жұбайының құқықтарының бұзылуына ел билігінің жол бермейтініне үміттенетінін айтқан.
Естеріңізге сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС-ларының тең құрылтайшысын бопсалады деген күдікпен ұсталған болатын.