Қосанов неге Ерғалиеваны мақтап, Жақияновты даттап жүр?..
2017 ж. 20 маусым
4264
22
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, жазушы
Марқұм ХАМАҢНЫҢ ҚЫЗЫ - ГҮЛЖАН ЕРҒАЛИЕВА, оны қолдап отырған Әміржан Қосанов және ЖАҚИЯНОВТАР...
Халқымыздың тарихында қазақ поэзиясының бір алыбы болған Ерғалиев Хамит ағаның қызы Гүлжанға екінші хат. Гүлжан қарындасым, сен бұдан бұрынғы хатымдағы өтінішімді дұрыс қабылдап, маған телефон соғып, екеуіміз бірімізді біріміз түсініп, Ғалымжан жайындағы теріс сөзді тоқтататыныңды айтып едің. Мен қуанып, екеуің өзара келісім табыңдар, үшінші біреулерге – сендерге жамандық тілейтіндерге күлкі болмаңдар, біріңнің қатең болса, екіншің кешіре біліңдер дедім. Сенің сондағы дұрыс сөзіңе шын сендім. Бірақ...
Менде фейсбук деген жоқ, ал сондай сөйлесетіні, сөз жазатыны бар жазушыларымыздың бірнешеуі сенің фейсбугыңда «Ғалымжанды құртамын!» деп қайта-қайта жазып жүргеніңді айтты. Оның не? Соттастыңдар, олар қарызды бөліп-бөліп төлейтін болды. Бір күнде төлей алмайтындарын мен де білемін: «Президент болып кетеді» деп ойлаған арамдар Ғалымжанды құртпақ болды, түрмеге отырғызды, өлтірмек болды, оның өзінің де, туыстарының да шағын бизнестерін жауып тастады.
Сенің «Свобода слова» гәзетіңде жазылғаны есіңде болар? Гүлжан, сенен тағыда өтінерім: Ғалымжандарды жамандағанды, жау болғанды тоқтатуды ойла. Хамит аға мені інісіндей жақсы көретін. Сол ардақты ағаның аруағын қызы сен сыйла, інісі мен сыйлайын.
Да, Гульжан, Хамит ага меня считал своим младшим братом, чего подтверждают его автографы на подаренные мне его сборниках, которые начинаются ласкательно: «Ғаббас-жан!». А я его уважал как своего старшего брата. Поэтому я считаю для себя уместным еще раз обратиться к тебе от имени аруаха – духа Хамит аға: Гульжан, помирись с Галымжан-Карлыгашом. Уважай себя и их. Вы же были в очень хороших отношениях. Неужели у нас доллар так дорожал, чтоб взаимопонимание между дружными людьми подешевело?!. Или кто-то третий из среды властьимущих, по поручению «друга» Галымжана – нашего «бога на земле», каким-то образом твоими руками жаждет хватать Ғалымжана и посадить снова, чтобы он не мог оттуда в этот раз выйти?!. Мне грешно так думать, знаю, но у меня нет другого варианта думать иначе. Постарайся меня понять, Гульжан Хамит аға қызы!
БІР ТІЛЕК
Жұмаш мырза, саған мына бір тілегімді айтқым келді және ренжімес, құптар деп сеніп отырмын: Ғалымжан мен Қарлығаш Жақиянов және Гүлжан Ерғалиева арасында біраздан бері ақша дауы жүріп жатқаны, соттасулары үшеуін білетін баршамызға мәлім. Әрине, тым ыңғайсыз жәйт. Екі жақтың өзара түсінісуімен аяқталар іс қалайда асқынып кетті. Оған өкінетінімді өзіңе айтқанмын, жазғанмын, татулыққа шақырған ара ағайын болғанмын...
Онымнан ештеңе шықпағанын кеше естідім. Бір жиынға барып едім, сонда қаламдас інілерімнің бірі оңашада менің фейсбугым бар-жоғын сұрады. Ондайды білмейтінімді айттым. Ол өзінде фейсбуг барын, «сол арқылы бүгінгі үлкен-кіші зиялыларымыз арасындағы көптеген жағдайларды біліп отырамын», дей келіп: «Жақияновтар мен Ерғалиева байырғы дос-жолдастар еді, ал аяқастынан жауласып шыға келгендеріне не себеп болғанын жұрт сырттай білсе де, шындығынан хабарсыз. Ол істе Жақияновтарды бірбеткей жамандау – сол хабарсыздықтың салдары. Оның үстіне Гүлжан қарындасыңыз фейсбугінде «Ғалымжанды нағыз жемқор» деп сыбап, оны құртпай қоймайтынын қайта-қайта айтады. Сонысын оқығанымда Ғалымжан жазықсыз сотталып, түрмеден шыққаннан кейін үш айдан соң парламенттің бір итаршы депутаты: «Ғалымжан Жақиянов жеңіл жазаланды, оның қылмысын қайта қарап, қайта соттау керек!» деп көкіп еді, Гүлжанның сөзі маған соның жалғасы сияқтанады. Түсіне алмай жүрмін.
Оның үстіне, екі жақтың бітімге келуіне мүдделі еместер бар сияқты. Мысалы, Әміржан Қосановты білесіз ғой, сол фейсбугінде Гүлжан Ерғалиеваны бірыңғай мақтап, Жақияновтарды даттап жазып жүр. Меніңше, ол өйтетіні өзіне жараспайтынын ойламайды, Ерғалиеваны жақтай беруге міндетті сияқты. Сонда Ғалымжан мен Қарлығаш Жақияновтар оған нендей жаманшылық жасады екен? Кеше ғана Ғалымжанды биліктің қиянатынан қорғасқан еді, енді бүгін биліктің сойылын соға бастағаны ма, аға, ол қалай?» деді.
Мен не дерімді білмей қалып: «Бауырым, Гүлжанның: «Ғалымжанды құртпай қоймаймын!» деп жүргенін естіп, былтыр ол қарындасыма өкінішті хат жазғанмын, ар-ұятты ақшамен есептеу жөн емесін айтқанмын.
Гүлжан екі күннен кейін телефон шалып: «Ғаббас аға, айтқаныңыз дұрыс, енді ренжімеңіз, біз өзара дұрыс келісім жасаймыз» деген. Ал сенің айтуыңша, Гүлжан тағыда «құртамдап» жазып жүрсе, оған фейсбугі бар сенімді інілерім арқылы екінші хатымды ашық жолдаймын, ал Әміржан Қосановпен шүйіркелесіп әңгімелесіп көрген жоқпын, бірақ сәлемі түзу. Ол мына шатаққа беталды кірісіп, Гүлжанды сыңаржақтана мақтап, жақтап жүрген болса, онысын өзінің арына тапсырдым» дедім.
Сонымен, Жұмаш, ары ойланып, бері ойланып, бәрімізге ардақты аға болған атақты ақын Хамаңның қызы Гүлжан қарындасыма сенің фейсбугың арқылы хат жолдауды ұйғардым, егер орынсыз болмаса, осы тілегімді қабыл алсаң екен деймін.
Сәлеммен, - Ғаббас Қабышұлы.
Мен Ғабекеңнің тілегін оң деп біліп, Гүлжан Ерғалиеваға хатын, міне, жариялап отырмын.
Жұмаш Кенебай,
Фейсбук парақшасы